بسم الله الرحمن الرحيم
Имам Бухари мен имам Муслим өздерінің сахих хадистер жинақтарында, Муаз ибн Жәбәлдің сөздерінен мына хадисті келтіреді: «Муаз ибн Жәбәл бірде Аллаһ Елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Әй, Муаз! Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?", - деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаз: "Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі", - деп жауап берген. Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы – кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, (Аллаһ) сол адамды азаптамауы", - дейді…
Бағдарлама келесі кітаптардан құралады:
1. Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы
2. Көпқұдайшылық
3. Раббың кім?
4. Намаз оқуыңа не кедергі?
Аударма мәтінін редакциялаған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.