BIOZIS

Books & Reference
  • 0.00
(0 投票)

無料インストール

10

アプリのインストール

Android 4.0.3+

最小バージョン

広告付き

広告

22.05.2021

リリース日

最近の変更:

Суреттерді дұрыстадық

説明:

«B.I.O.Z.I.S» мобильді қосымшасы - Биология сабақтарын жүргізуге (қызығушылығы бар адамдарға, оқушылар мен мұғалімдер) арналған таптырмайтын көмекші құрал. Онлайн арнайы платформа, еліміздегі стандартқа сай қосымша, мектептің оқу базасы қамтылған, 24/7 онлайн білім беруге арналады.
Қолданылу әдістемесі. Төменгі сыныптарға (6-7-8 сыныптар) мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс жасауға, ал 9, 10, 11-сыныптардың оқушылары танымдық ізденіс арқылы өздері ізденіс жасауға болады. Биология пәні мұғалімінің оқу-әдістемелік кешендеріне жатқызуға әбден келеді. Қосымша арқылы сабақ өтіп, бағалаудың критериалды түрін әдістермен жасап, оқушыларды ынталандыруға, шабыттары мен дағдыларын ашуға болады.
Мобильді қосымшаның құрылымы 6 бөлімнен (айдардан) тұрады Әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие.
«Сыныптар бойынша тақырыптар» бөлімі – 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптар бойынша «Биология» пәнінен жоспар бойынша тақырыптар қамтылған. Бұл бөлімде Бөлім бойынша жиынтық бақылау (БЖБ), Тоқсан бойынша жиынтық бақылау (ТЖБ) жұмыстары бар.
«Зертханалық жұмыстар» бөлімі – сабақ жоспарына сәйкес «Биология» пәнінен 6, 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптарға тақырыптарға сай зертханалық жұмыстар берілген. Осы айдарда жоспарға сай зертханалық жұмыстардың тақырыбы, мақсаты, міндеттері, жасалу жолы, жұмыс барысы және қорытындылау мақсатында оқушыларға арналған арнайы тапсырмалар енгізілген.
«Қызықты «B.I.O ALEM» бөлімі - бұл бөлімде Биология пәніне, жалпы Биология ғылым саласына байланысты қызықты деректер қарастырылған. Сондықтан бізді қоршаған қызықты деректердің барлығын осы бөлімнен таба аласыздар.
«Онлайн-тесттер» бөлімі – бұл айдарда Биология пәні бойынша тест тапсырмалары қамтылған. Тест сұрақтары нақты, әрі әр сұрақтың 7-нұсқасы бар, 1-дұрыс жауабы бар. Сұрақтардың барлығы да мектептің білім беру бағдарламасына сәйкес жасалған. Оқушылар өздерінің білімін анықтау үшін немесе мұғалім оқушының білім деңгейін анықтау үшін өте қолайлы. Бітіруші түлектердің, яғни 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындықтары үшін де онлайн-тест айдары жақсы септігін тигізеді деп ойлаймыз.
«Ғалымдар мен ғылымдар» бөлімі – бұл бөлімде Биология пәнінің дамуына үлес қосқан барлық ғалымдар және олардың жасаған еңбектері қамтылған. Биологияның ғылым салаларын және оны ашқан ғалымдарды мобильді қосымшаның ерекше бөлімі ретінде қарастырдық.
«Сен білуің керек! (Сандар сөйлейді)» бөлімі –бұл айдарда оқушылардың білуі тиіс ақпараттар және көптеген деректер қамтылған. Ғасырлар мен жылдар бойы дамып келе жатқан ғылымның әр бөліктері және олардың дамуы туралы мәліметтерді осы айдарға жинақтадық. Ерекше және нақты мәліметтерді, жылдар бойынша ғалымдардың ашқан еңбектері «Сен білуің керек!» айдарында қамтылған.
Мобильді қосымшаның қолданылу аясы: Биологиядан кіріктірілген сабақтарда, күнделікті сабақтарға, үйірме, дайындық жұмыстарына, тестке дайындыққа, зертханада жасалатын жұмыстарға, үй жағдайында жасауға болатын тәжірибие жұмыстарында, қосымша сабақта және т.б. Биология пәнінен сыныптарға байланысты зертханалық жұмыстар, бағалауды тексеру үшін керекті бақылау жұмыстары (ТЖБ, БЖБ) мен қызықты деректер, онлайн түрде орындалатын нұсқалық тесттер сынды қызықты айдарлар қамтылған.
_____________________________________________________________________________________
Мы всегда рады вашим отзывам! Если у вас есть рожелания, вопросы или жалобы, пожалуйста, напишите нам:
[email protected], [email protected]

Еркебек Жамалбек 他のアプリ

BIOZIS

BIOZIS

Еркебек Жамалбек
  • 0.00
Aqyldy adisteme 7

Aqyldy adisteme 7

Еркебек Жамалбек
  • 0.00
7 QYR

7 QYR

Еркебек Жамалбек
  • 0.00
ダウンロード